2025 жылдың 10 қараша күні мектеп кітапханашылары қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Абай әлемі “бұрышын жасақтады. Бұрышта ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, жинақтар, фотосуреттер және нақыл сөздер қойылды.

Аталған бұрыштың мақсаты – оқушыларды ұлт руханиятының негізін қалаған дана тұлғаның еңбектерімен таныстыру, Абай мұрасының құндылығын насихаттау.

“Абай бұрышы” барлық оқырмандарға ашық, кітапхана қонақтары мен оқушылар үшін танымдық рухани ортаға айналды.

https://www.facebook.com/reel/1295312619062885/?__cft__[0]=AZYpoculUuvWKtgBm9lDjzbbG3GDXrFpPTfgggfF8PPeFsuqVBIwDewgdfxT1p9qjYi7cyFtROi_SoMVpIL0twZAMW031E-gaUrYG8At4cHK6a3Uno1xplFCArhmyxvFikiqMMwAlgd0ONIpdd3gnga4fpHgI1W_2zAijZfHBr_QMs6fuZYkOotoE7EQ_tsyqbKiPsE2zz2FLLrxVZf9Fese&__tn__=%2CO%2CP-R