"Өнегелі 15 минут" айдарында

3 "Ә" сынып оқушысы Орақ Айзере әжесімен.

Апта дәйексөзі - "Жасампаздық бәрімізге өнеге"

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Үнемді тұтыну" айдарында 4 "А" сынып оқушылары. сынып жетекшісі Аманова Г.Д.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының " Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" айдарында 4 "Е" сынып оқушылары қазақтың ұлттық ойыны "Сақина салмақ" ойынын ойнады. "Сақина салмақ" - қазақтың көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын балалардың байқампаздығын, зеректігін, тапқырлығын арттырып, ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын оятады.

2025 жылдың 10 қараша күні мектеп кітапханашылары қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Абай әлемі “бұрышын жасақтады. Бұрышта ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, жинақтар, фотосуреттер және нақыл сөздер қойылды.

15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай мектебіміздегі жас ұстаздар арасында қосымша кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдау, кәсіптерін таныстыру мақсатында "Үздік жас кәсіпкер" тақырыбында көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

Күзгі демалысты ұйымдастыру жоспары аясында "Менің хобби әлемім" тақырыбында 3 "В" сынып оқушысы Сержан Айбейненің мәнерлеп оқу хоббиі.

Сынып жетекшісі: Нурманова А.